Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.
"8 қазанда күдікті ұсталды - Алматы облысы, Талғар ауданының 1984 жылғы тұрғыны. Криминалдық полиция Медеу аудандық ІІБ әріптестерімен біріге отырып, қылмыскерді анықтауға бағытталған кешенді шараларды жүргізді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам кінәсін мойындады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
"Ол жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған. Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен. Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол осы уақытқа дейін жасырынып жүрді, бірақ оның аты-жөнін бірден анықтадық", - деді Зиадин.
Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады.
Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.
Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді.
Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді.