Фото: Polisia.kz
Алматыда Өзбекстан Ішкі істер министрлігімен 15 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда көші-қон қызметі мен қалалық криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы Р.есімді азаматты ұстады.
"Атап айтқанда, қылмыскер “Іздеу – ТМД” жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Өзбекстан ІІМ Сурхандария облысы ІІБ 1982 жылы туған Р. есімді Өзбекстан азаматын 2008 жылы мемлекетаралық іздеуге жариялаған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ полиция өкілдері Алматы қаласындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру және ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау мақсатында 11 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында “Жалдамалы” іс-шарасы жүргізіліп жатқанын еске салды.