29 қыр, 2022 сағат 13:35

Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-қабаттан құлап, қаза болды


Алматыда 15 жастағы жасөспірім 18-қабаттың терезесінен құлап, қаза болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оқиға 29 қыркүйекте Розыбакиев көшесі мен Әл-Фараби даңғылы қиылысына жақын маңдағы "Әйгерім" тұрғын үй кешенінде болған.

"18-қабаттағы пәтер терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қаза болды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды", - деді қалалық Полиция департаменті өкілдері.