Алматы полициясы қылмыстың алдын алу мақсатында IT-технологиялардың мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда. Бүгінде қалада 120 мыңға жуық бейнебақылау камерасы бар. Олардың 90% бюджеттен тыс қаржыға орнатылған. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Қауіпсіз аула» қағидасы бойынша көппәтерлі үйлерде 44 мың 687 бейнекамера орнатылса, жеке сектор көшелерінің қиылысында 8 мың 642 бейнебақылау камералары жұмыс істейді, ал жеке тұрғын үйлердің аулаларында 30 мың 154 бейнекамера бар. Сонымен қатар қалада жекеменшік нысандарда 35 мың 892 сыртқы бақылау камералары орнатылған. Олардың көмегімен жыл басынан бері 975 қылмыстың беті ашылды, 8 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың 5 мыңнан астамы жол қозғалысы ережелерін бұзу болып отыр», - Алматы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Төрехан Исин.
Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бейнекамералардың арқасында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы азайған: пәтер тонау - 2,3 есе, автомобильдер ұрлығы - 2,9%, ұялы телефон ұрлығы - 48,1%, көлік айналарын ұрлау - 4,3 есе, қалта ұрлығы - 3,4 есе, көлік ішінен ұрлау - 13,5%, түсті және қара металды ұрлау 21,7%.
«Сонымен қатар, камераларда жазылған видеоны қолдану нәтижесінде соңғы үш жылда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендеді», - делінген хабарламада.