13 ақп, 2020 сағат 13:50

Алматыда 102 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Алматыда 102 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен жылы қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыста сараптамалық және инженерлік жұмыстармен айналысатын мамандарға 1158 мемлекеттік лицензия және 154 анықтама берген.

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, лицензиялау бағытындағы бекітілген нормаларды бұзу мен біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі және мерзімінен бұрын қайта жаңғыртқаны үшін 102 құрылыс компаниясының лицензиясы тоқтатылды.

Белгіленген лицензиялау нормаларын, сондай-ақ құрылыс жұмысын сапасыз жүргізгені үшін «Артемида LTD» және ТОО «CentralAsianHolding» ЖШС жұмысы тоқтатылды.

«Алматы қалалық қала құрылысын бақылау басқармасы, ҰҚК және мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп, жалған лицензиясы бар үш компанияны анықтады. Оларды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар берілді» деп хабарлайды басқармадағылар.

2020 жылдың басынан бері талапқа сай жұмыс істемеген алты компания анықталды.