Алматы хайуанаттар бағының тоғанында серуендеп жүрген қызғылт қоқиқаздар Қазнет қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қоқиқаздардың көркем бейнесі Алматы зообағының Instagram-парақшасында жарияланды.
«Қазір Алтын күздің мезгілі! Бұл кезде зообақта да ерекше жағдай орын алады.
Ауа райы ыстық емес, шулы тіршілік саябырсып, айналада тыныштық орнаған. Жануарларды емін-еркін тамашалауға мүмкіндік көп. Күзгі бояулардың арасында біздің қызыл қоқиқаздар да ерекше көрінеді.
Сіздерді Алтын күздің көркін тамашалап, зообағымызды аралауға шақырамыз», - делінген зообақтың Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, қызғылт қоқиқаз Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және әлемде оның 10-нан астам түрі кездеседі.