Алматы зообағында төтенше оқиға болды - шимпанзе тордан шығып, әйелді итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі зообақ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Приматтар" бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кеткені айтылады.
"Өз аумағынан шығып кеткендіктен, стресс жағдайына ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.