Бүгін Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram, Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріне тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қала басшысы өзінің әлеуметтік желідегі алғашқы жазбасын Алматы қаласының тұрғындарына арнады.
«Құрметті алматылықтар! Бүгін сіздермен тікелей байланыста болу үшін Facebook, Instagram және Twitter аккаунттарын аштым. Сіздермен диалогқа дайынмын!», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Алматылықтар жаңа әкімді қызметімен құттықтап, өз ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.
Жаңа әкімге келіп түскен ұсыныстардың басым бөлігі әл-Фараби даңғылында рұқсат етілген сағатына 80 шақырым жылдамдықты қайтару болды. Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, автомобиль жолдары, қоғамдық көлік, қалалық аудандарды дамыту және коммуналдық мәселелер алаңдатады.
Екі сағат ішінде Бақытжан Сағынтаевтың Instagram парақшасына тұрғындар 500-ге жуық пікір қалдырды.
Еске салайық, 28 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.