15 қаз, 2019 сағат 09:37

Алматы тұрғындары 600-ден астам көше шамы жарық бермейтінін хабарлаған

Алматыда барлық проблемалық учаскелерді аралау барысында 600-ден астам жұмыс істемейтін көше жарығы анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы әкімінің айтуынша, қаланы жарықтандыру жөнінде тараған ақпараттан соң қалалықтардан орын алған кемшіліктер туралы көптеген хабарлама келіп түскен.

«Кей жерлерге бағаналар орнатылғанымен, шамдар ілінбеген, кей жерлерде жарық жанбайды. Өткен аптада барлық проблемалы учаскелерді аралаған кезде 622 істен шыққан жарық көзі анықталды.

Бүгінгі күні 529 шам жөнделді. Әлеуметтік желілердегі біздің ресми аккаунтарымызға келіп түскен азаматтардың өтініштері бойынша жаңа жарық нүктелерін тарту бағыттарына мониторинг жүргізілуде», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ, қала басшысы бақылауды күшейтіп, күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастыратындарын атап өтті.

«Мегаполистің тыныс-тіршілігінің барлық салаларына жауапкершілігі мол қызмет көрсетушілер қажет. Қалалықтарға шаһарды абаттандыруға қатысқандары үшін алғыс білдіремін», - деді ол.