25 нау, 2022 сағат 14:35

«Алматы» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды


Тимур Базарбаев "Алматы" телеарнасының бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" телеарна сайтына сілтеме жасап. 

Тимур Базарбаев 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. Гумилев атындағы журналистика және саясаттану факультетін бітірген.

Бұған дейін (2019-2022 жылдары) Nur Otan партиясының (қазіргі AMANAT) баспасөз хатшысы қызметін атқарған.

Ол әр жылдары Алматы қаласы, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктерінде, «Nur Media» ақпараттық холдингі мен «Nur Otan» партиясы құрылымында жұмыс істеген.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы болған.

Айта кетейік, бұған дейін "Алматы" телеарнасын Нұржан Мұхамеджанова басқарған еді.