10 қаң, 2020 сағат 12:21

Алматы тауында жоғалған ер адамды іздестіру тоқтатылды

Алматыда алған жарақатынан кейін өз бетімен таудан түсе алмай қалған туристі іздестіру тоқтатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Алматы қалалық Құтқару қызметінің мамандары ер адамды іздестіру жұмыстарын тоқтатты. Өзге туристердің сөзінше, ол аяғын зақымдап алып, өз бетінше қозғала алмаған.

«Апаттан құтқару тобы 7 қаңтар күні туристерден алынған ақпаратқа сүйене отырып, үш күн бойы іздеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына 5 адамнан тұратын жасақ жіберілді. Көкжайлау шатқалындағы тау жолдарының барлық болжалды маршруттары қаралды. 10 қаңтар күні іздеу жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп хабарлайды Алматы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін, Көкжайлау шатқалында белгісіз ер адам жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.