13 сәу, 2022 сағат 15:38

Алматы тауларында көшкін жүріп, екі адам қардың астында қалды


Құтқарушылар «Молодежный» шыңында қар көшкінінің астында қалған екі адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 13:28 шамасында Алматы қаласының «109» құтқару қызметі Медеу ауданы, Тұйықсу жоғары таулы аймағында «Молодежный» шыңында қар көшкіні түскені туралы ақпарат алды. 

Алдын ала ақпарат бойынша көшкін астында 2 адам қалып қойған. 

Алғашқы іздестіру жұмыстарына 109-құтқару қызметінің құтқарушылары жұмылдырылды. 

«Қазіргі уақытта ТЖД басшылығы мен Республикалық жедел құтқару жасағынан, Қазселденқорғау, құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Барлығы 26 адам, 6 техника, 2 кинологиялық топ жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомствадан.