23 там, 2022 сағат 14:30

Алматы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 млн теңге жымқырған


Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.