Алматыдағы ақылы автотұрақтарды қадағалайтын "Алматы СпецТехПаркинг Сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков қамауға алынды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.
Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.