20 сәу, 2022 сағат 13:43

Алматы соты Төребаев пен Шерниязовтың неге 10 тәулікке қамалғанын түсіндірді


Алматы қалалық соты танымал блогер мен вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың неге әдеттегідей тергеу мерзіміне берілетін екі айға емес, 10 тәулікке қамауға алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Соттың хабарлауынша, Төребаев пен Шерниязовқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын 10 тәулікке қамауға алу түріне ауыстыру санкцияланды.

"Осы тұрғыда айта кету керек, тергеу органы екі айға қамауға алуды санциялауға негіз болатын материалдар ұсынған жоқ.

Тағылып отырған бап бойынша қосымша дәлелдемелер мен материалдар жиналған жағдайда тергеу органы күзетпен ұстау мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мейіржан Төребаев пен тағы үш адам қамауға алынған еді. Бүгін олардың 10 тәулікке тұтқындалғаны белгілі болды.