16 қаң, 2020 сағат 13:25

Алматы сауда орталығындағы зообақ жабылады

Алматы әкімдігі «Almaty Mall» сауда орталығындағы жануарлармен байланыс зообағына қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қаласының әкімдігі көпшіліктің пікірімен келіседі және мұндай қызмет адамгершілік нормаларына сай емес деп есептейді. Біз «Almaty Mall» сауда орталығының әкімшілігімен аталған хайуанаттарға етене жақын болу зообағының иесімен келісім шартты бұзу және оның қызметін бір ай мерзімге тоқтату бойынша келісімге қолжеткіздік», - деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл Алматыдағы алғашқы жағдай байланыс зообағында арыстан, жолбарыс сынды жыртқыш аңдардың төлдері (абдан, арлан, пантераны) ұстау.

«Өкінішке орай, мұндай мекемелердің іс-қызметі ҚР заңнамасы бойынша реттелмеген. Сондықтан біздің тарапымыздан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хайуанаттарға етене жақын болу зообағының жұмыстарына тыйым салу жөнінде Заң әзірлеу бойынша ресми хат жіберіледі», - деді әкімдік.

Бұған дейін, алматылықтар осы байланыс зообағындағы аңдардың жағдайына шағымданған болатын.