Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
ВАК мәліметінше, Алматы "сары" аймақта, алайда "қызыл" аймаққа жақын қалған.
2022 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:
- "Сары" аймақта: Алматы қаласы.
- "Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 454 жағдай тіркелгені хабарланған болатын. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 118, Алматы қаласында - 200, Шымкент қаласында – 23, Ақмола облысында – 7, Алматы облысында - 30, Атырау облысында - 16, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Жамбыл облысында - 17, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 11, Қостанай облысында - 3, Қызылорда облысында - 12, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Түркістан облысында - 3.
1204 рет оқылды