23 нау, 2020 сағат 14:48

Алматы полициясы ТЖ режімін бұзған тұлғалардың есімін жариялады

Алматы полициясы Төтенше жағдай режімін бұзған Алматы тұрғындарының атын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық полиция Департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданаралық әкімшілік сотында 15 әкімшілік материал қаралды. 

ҚР ҚК 476-бабының 6-бөлімімен 3 дәмхана иесі - Касанов Х, Алахвердиев М, «Восход» сауда үйінің иесі Абубакир. С. жауапқа тартылды. 

ҚР ӘқбК 476-бабының 1-бөлімімен (ТЖ кезінде қалаға кіріп-шығу тәртібін бұзған) - 11 таксист пен жолаушы (Сатиев Б.К., Изатов А.О., Керембаев Н.О., Еділбаев Е.Е., Сарсенов Б.У., Күлназаров Е.М., Усканова Б.К., Баймолда А.М., Есбаев М.Ж., Базарбаев К.Т., Ермекбаев Н.Т.) жазаға тартылды. 

Бұл тұлғаларға сот шешімімен 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.