23 қаң, 2023 сағат 18:15

Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты істі тергеп жатыр

Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек Алатау аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", - дейді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осы қылмыс үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.