Фото: Polisia.kz
Алматыда полицейлер курьерден тапанша мен оқтар тәркіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары мопедке мінген екі ер адамды Талғар күре жолы бойындағы полиция экологиялық бекетінде тоқтатқан. 44 жастағы ер адамнан тапанша мен 17 оқ тәркіленген.
"44 және 41жастағы азаматтардың курьерлік сөмкелерін тексеру барысында Grand Power тапаншасымен әртүрлі 17 оқ тәркіленді. Алдын ала тексеру барысында аталған қарудың газды тапанша екендігі және травматикалық оқпен атылатындығы анықталып, кейінірек қарудың ұрланғандығы да белгілі болды. Аталған дерек соталды тергеу тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-тармағы бойынша тіркелді. Ұсталған күдіктілердің біреуі бұрын да бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталғандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс барысында сот-баллистикалық сараптама тағайындалды", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 1бөлігі 3-тармағы және ҚР ҚК-нің 19-бабына сәйкес сот шешімі шыққанға дейін кез келген азамат кінәсіз деп танылады.