15 там, 2022 сағат 15:34

Алматы полициясы қалалық сот ғимаратындағы тексерісті аяқтады

Фото: 2gis.kz

Алматы қалалық сотының ғимаратында тексеру аяқталды. Жарылғыш зат табылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазыбек би көшесіндегі қалалық сот ғимаратында жедел-іздестіру шаралары аяқталды. Ақпарат жалған болып шықты. Қазіргі уақытта экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтап, одан әрі жеткізу бойынша жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, Алматыда қалалық сот ғимаратынан барлық судья мен қызметкер эвакуацияланған болатын. 

"Бүгін Алматы қалалық сотының кіріс кеңсесі поштасына түрлі сипаттағы қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі уақытта сот ғимаратында хабарламалар тексеріліп жатыр. Құрметті азаматтар, түсінбеушілікке жол бермеу үшін процестердің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.