04 нау, 2020 сағат 08:12

Алматы орталығындағы асхана өртенді

Алматының орталығында орналасқан «Үрімші» асханасынан өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 07:37– та өрт сөндіру бөліміне Гоголя–Қайырбекова көшесінің қиылысында орналасқан асханадан өрт шыққаны туралы туралы хабарлама келіп түсті. 

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 6 минутта жетті. «Үрімші» асханасынан шыққан өртті сонда істейтін жұмысшылар өздері өшіруге тырысқан. Өрт сөндірушілер асханадан 50 литрлік 7 газ баллонын сыртқа шығарып, қызыл жалынды 11 минутта толықтай сөндірді» – деді ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны сөндіруге 4 бірлік техника мен 17 адам жұмылдырылды.