Алматы орталығында құбыр жарылып, жер астынан су атқылады. Оқиға орнынан кадрлар Kozachkov offside Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алмалы ауданында, Гоголь көшесінен төмен Шәріпов көшесінің бойында құбыр жарылды. Оқиға болған жерде қалпына келтіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Мамандар апатты жоюмен айналысуда. Су басып қалмау үшін мотопомпалар жіберілді. Толық ақпарат кейінірек беріледі», - деді Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.
Оқиға салдарынан жол қозғалысы шектелді.
видео: NUR.KZ