27 жел, 2022 сағат 17:57

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды

Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысының полицейлері ірі есірткі зертханасын жойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

22 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қарашығыл аңшылық шаруашылығы қорықшыларынан Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылы шетінен күдік тудырған Украинаның екі азаматы туралы хабарлама түскен.

22 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қарашығыл аңшылық шаруашылығының қорықшыларынан Балтабай ауылының шетінен күдік тудырған Украинаның екі азаматы тексерілгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 43 және 28 жастағы шетелдіктердің автокөліктерін тексеру орнынан алыс емес жерде тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қара түсті пакетті тапты. Ал пакет ішінен ақ түсті ұнтақ түріндегі заттары бар мөлдір полиэтилен пакеттер тәркіленді. Бұдан әрі Алматы облысы ПД ЕҚҚКБ қызметкерлері жедел іс-шара барысында ықтимал есірткі зертханаларының екі мекенжайын анықтады", - делінген хабарламада.

Санкцияланған тінту жүргізу кезінде аталған орыннан Украина республикасының тағы 6 азаматы ұсталған. Сонымен қатар зертханалық жабдықтар, шыны ыдыстар мен кристалды заттары бар металл табақтар, химиялық заттар тәркіленген. Тінту кезінде шамамен 30 келі "жылдамдық" есірткі заты тәркіленді.

Фото: Алматы облысы ПД

Дерек бойынша соталды тергеуді Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасы жүргізеді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Күдіктілер қамауға алынды.

Жауап алу кезінде ұсталғандар үшінші зертхананың ашылуына дайындалғандарын жеткізген.