Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құрметті жетісулықтар! Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Сіздерді осы парақша арқылы облыстағы жаңалықтармен танысуға, диалог арқылы өңірдегі өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге шақырамыз" делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге халықпен өзара ықпалдастықтың жаңа форматын дамытып, әлеуметтік желілерде белсенді болуын тапсырған еді. Бұл тапсырмадан кейін Қарағанды облысының әкім әкімі Ерлан Қошанов “Твиттер” желісіне тіркеліп, алдағы уақытта тұрғындарды алаңдатқан әр мәселені жеке бақылауына алатынын хабарлады. Сондай-ақ, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов та Facebook әлеуметтік желісінен жеке парақшасын ашты.