10 мам, 2023 сағат 13:17

Алматы облысындағы улану оқиғасы: алдын ала себебі аталды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Алматы облысындағы улану оқиғасының алдын ала себебі белгілі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда сағат 16:00 шамасында Қарасай ауданының ПБ-ге Көлащы ауылында 6 адам белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Нәтижесінде, 1984 жылғы ер адам және 2008, 2010, 2013 және 2018 жылғы төрт бала қаза болды. 1985 жылғы әйел Шамалған ауылындағы ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелген. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды. Түпкілікті шешім тағайындалған сараптамалық тексерулердің нәтижелері бойынша қабылданады. Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер көміртегі тотығымен уланған", - делінген хабарламада.