Фото: inform.kz
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында зорлыққа тап болған егіз қыздың қазір қайда екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
«Қазір тергеу жүріп жатыр. Соған байланысты мән-жайды толық айтуға болмайтынын білесіздер. Мен ол жерге өзім бардым. Егіз қызды да, отбасының басқа балаларын да көрдім», - деді ол.
Уәкіл бұл іс бойынша қыздардың әжесі ұсталғанын еске салды.
«Оқиғаның себебі анықталып, күдіктілер ұсталды. Қыздар қазір бала құқығын қорғайтын орталықта. Яғни, Балаларды қорғау орталығында», - деді Динара Зәкиева.
Еске салсақ, қазан айының басында Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам қамауға алынғаны хабарланған еді.