25 мам, 2021 сағат 21:33

Алматы облысында жол ережесін бұзған түлектер кортежіндегі 4 көлік айып тұрағына қойылды


Алматы облысында мемлекеттік нөмірсіз жүрген түлектер кортежіндегілер ұсталды. Төрт көлік те айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Көліктің терезесінен шығып, өмірге қауіп төндіріп, көңіл көтергендердің барлығы 17-22 жас аралығындағы Жамбыл ауданының тұрғындары. Полицияның ақпаратына сәйкес, олар колледж түлектері.

«25 мамыр күні әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 4 автокөліктің Алматы-Бішкек тас жолында жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Полиция оларды анықтап, ұстады. Төрт көлік айып тұрағына қойылды. Оның екі жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған. Оларға бірден әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы осы іс бойынша 15 хаттама толтырылды. Оның ішінде көлікті мемлекеттік нөмірсіз жүргізу де бар», - делінген ведомство таратқан хабарламада.