видеодан алынған кадр
Алматы облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 26 шілде сағат 11:00-де "Тойота-Каролла" маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі "Алматы-Астана" автожолының 225 шақырымында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, "Тойота-Камри" маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
"Апат салдарынан алған жарақаттарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
Дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.