11 қар, 2019 сағат 04:48

Алматы облысында жоғалған оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды

Алматы облысында жоғалған 14 жасар оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды. Анықталғандай ол ата-анасынан қашып, интернет арқылы танысқан жігітпен кездесуге кеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«7 қараша күні Ұйғыр аудандық полиция бөліміне Үлкен Ақсу ауылының 37 жастағы тұрғыны баласының жоғалып кеткенін хабарлаған. 2005 жылғы Нигара Кадирдинованы іздеуге еріктілер мен полицейлер жұмылдырылды. Ол Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Оқушы ата-анасының үйінен қашып кетіп, жігітіне барған», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Енді құзырлы орган баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту жағын қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының полицейлері мен еріктілер жоғалған 14 жасар оқушыны екі тәулік бойы іздестіргенін хабарлаған болатынбыз.