© AFP 2023 / OLIVIER MORIN
Алматы облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 14 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 16.00-де тіркелген.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 71 шақырым жерде - Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,8 болған. MPV магнитудасы 4,2. Тереңдігі - 25 шақырым.