ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 17 ақпан күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 07 сағат 52 минут 04 секундта тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 374 шақырым жерде, Алматы облысының аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 9,6. MPV тербелісі – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.