01 мау, 2022 сағат 11:57

Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соғылды


Алматы облысында жеңіл көлік пойызға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде пайда болды. 

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 маусым күні таңғы сағат 6:00 шамасында Алматы облысының Бұрындай – ЖЭО-2 учаскесінде болған. 

«Көлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневрлік тепловозға жол бермей, өткелге шығып кеткен. Машинист жедел тежегішті басқан. Вагондардың рельстен шығып кетуіне жол берілмеді. Жеңіл автокөліктің жолаушысының қолы сынып, ауруханаға түсті, жүргізуші зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады компаниядан. 

Қазіргі уақытта пойыз басқа локомотив арқылы жолдан шығарылды. Темір жол өткелі көлік қозғалысы үшін ашық. 

«Кірме жолы ЖЭО-2-ге, тепловоз жеке меншікке тиесілі. Оқиғаның алдын ала себебі - көлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзуы», - деп атап өтті компаниядан.