© Sputnik / Андрей Стенин
Экологиялық кеңес мамандары қоршаған ортаның ластануына қатысты дабыл қағып, Алматы облысы Талғар ауданындағы жеке қоқыс полигонын жабуды талап етті. Алайда полигон иесі бұған келіспейтінін және экологтарды қызығушылықтары үшін айыптауда, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Төрт жыл бұрын осы жеке полигон аумағын жергілікті билік "Жан-Ару" компаниясына қоқысты қайта өңдеу зауытын салу үшін ұзақ мерзімге жалға берген болатын. Бірақ кәсіпорын иесі оның орнына мұнда ақылы полигон ұйымдастырды, қазіргі уақытта стихиялық полигонға айналды.
"Экологиялық кеңеске жергілікті тұрғындардан шағым келіп түсті. Осы шағымға сәйкес біз объектіге шықтық. Топырақ пен су сынамалары алынды. Талдау нәтижелері мырыш, мыс, нитрат, азот оксиді, азот диоксиді бойынша жоғары нәтижені көрсетті. Бұл нысанда химиялық ластану жүріп жатыр деуге толық негіз бар", – деді Талғар ауданы бойынша экологиялық кеңестің төрағасы Мирас Байсейітов.
Талдау жүргізілгеннен кейін аудан тұрғындары жерді жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін уыттылығы жоғары болғандықтан пайдалануға жарамсыз болып қалады деп қауіптенеді.
"Экологиялық күйреу жасаған адам толығымен қалпына келтіруі керек. Осы жердің жер жамылғысын сәйкестендіруі тиіс", - деп атап өтті Талғар аудандық мәслихат депутаты Ержан Игібаев.
Экологиялық кеңес сотқа жүгінді. Сот шешімімен "Жан-Ару" компаниясына тұрмыстық қалдықтарды жинауды үш айға тоқтата тұру ұйғарылды. Алайда тұрғындардың айтуынша, полигонда қоқысты қабылдау әлі жалғасуда.
"Біз мұнда лас ауамен тұншығып жатырмыз. Ал біз мұнда тұрақты негізде тұрамыз. Сондықтан біздің өмірімізге кедергі келтіретін осы полигондарды, осы карьерды жабуға көмектессеңіздер деп өтініш айтамыз. Жанна Ким", - деді "Солнечная" бау-бақша қоғамының төрағасы.
Компания өкілдері зауыт орнына неге полигон пайда болғанын түсіндірді. Айтуынша, қоқыс өңдейтін кәсіпорынның құрылысына бірнеше гектар жер бөлуге уәде берілген. Бірақ олар тек 30 соттық жерді берді.
"Билік біздің учаскемізді кеңейтуді тіпті жоспарламайды. Ал мұндай алаңда зауыт салуға болмайды. Коммуникациялар мен электр энергиясы жоқ. Ауылдың екінші жағында орналасқан қоқысты сұрыптауға арналған жабдықты жалға алуымыз керек. Жарықсыз мұнда жұмыс істей алмаймыз. Бізге тұрақты түрде қысым көрсеткеннің орнына, бұл мәселені бірлесіп шешуге болар еді", - деп түсіндірді компания заңгері Асылбек Қараев.
Полигонда қалдықтардың жануы үнемі болатын құбылыс. Тек өткен жылы 6 өрт болды, оларды жоюға ауданның барлық өртке қарсы қызметтері жұмылдырылды. Компания мұның бәрі бәсекелестердің айла-амалдары деп санайды, бірақ оған ешқандай дәлел жоқ.