Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында екі ауылды су басты. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ауылдарды су басу туралы шақыру кезекші пультіне түскен жоқ. Өткен кеште әлеуметтік желілерде хабарламалар мен видеолар пайда болған. Сөйтсек, Байғазы және Қоғалы ауылдарында жауын-шашыннан бірнеше көшені су басқан.
"Қоғалы ауылында көлбеу ағын пайда болды, кейіннен су Панфилов, Жандосов және Тобаяқов көшелерімен өтті, сондай-ақ Жандосов көшесіндегі бір аула аумағынан су ағып өтті, үйлерді су басқан жоқ. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.