Фото: видео кадры
ҚМА Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері заңды деп саналатын "Макао" ойын мекемесінде онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Онлайн-казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, қолданыстағы заңнамада белгіленген ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға ставка қоюға, яғни ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген. Ойындар «Макао» казиносының ғимаратынан жүргізілген.
"17-не қаңтарға қараған түні Департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді, оның барысында: 225,5 млн теңге, 15 мыңнан астам еуро, 719 мың рубль, 34 мың юань, 38,5 мың АҚШ доллары, ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелік блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнерегистраторлар табылып, тәркіленді.
Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.