Фото: Ашық дереккөз
Алматы облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Т.-ға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі (қылмысқа оқталу) және 99-бабының 2-бөлігінің 1 тармағы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Облыстық сот
мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 26 қазанында Т. есімді азамат Қонаев–Бақанас
автожолының 26-шақырымында орналасқан «Ш» шаруа қожалығы аумағында спирттік
ішімдік ішіп, шамамен 22:00-де Іле өзенінің жағасына барған. Сол жерде балық
аулап отырған У., Д. және К.-ны көріп, олардың бағытына мылтықтан бірнеше рет
оқ атқан.
Нәтижесінде
жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алған. Алайда медициналық көмектің
арқасында олар аман қалған.
- Сот Т-ның іс-әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі мен 99-бабының 2-бөлігі 1 тармағына сәйкес саралап, қылмысты алкогольдік масаң күйде жасауын жауаптылықты ауырлататын жағдай деп таныды. Сот үкімімен Т. 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - деп хабарлады соттан.
Үкім заңды күшіне
енген жоқ.
