Алматы облысында мешіттерде ұрлық жасаған 25 жастағы ер адам ұстады. Қазіргі уақытта күдіктінің 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғар ауданының полицейлеріне ақпанның аяғынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл Ту және Панфилов ауылдарындағы мешітке келушілерден арыз түсе бастаған. Үнемі бетперде киіп жүретін қылмыскердің әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, делінген хабарламада.
"Күдікті құптан намазының уақытын пайдаланып, келушілердің ақшасын, ұялы телефондарын және бағалы заттарын ұрлап кеткен. Ол мешіт ішінде де, сыртында да әрекет етіп, тұрақтағы көліктерді бұзып ашқан. Ол болат ұшы бар арнайы балғамен көліктердің терезесін сындырған. Ер адам бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Ол - Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны. Қазір ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлық әрекеттеріне қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - дейді Талғар аудандық полиция бастығының орынбасары Андрей Бурянский.