Алматы облысы соттарындағы дауды медиация тәртібімен ретке келтіру туралы келісімге келу шарты бойынша талапкерлерге 90 миллионға жуық теңге көлеміндегі мемлекеттік баж төлемі қайтарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде, басым бөлігі Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен - 59 439 286 теңге, Қарасай аудандық сотымен - 14 857 878 теңге және Талдықорған қалалық сотымен 3 284 709 теңге қайтарылды.
Талдықорған қалалық сотының татуластырушы-судьясы Сара Жаңбырбаеваның айтуынша, реттелген даулардың көпшілігі - қарызды өтеп алу мен неке-отбасылық қатынастардан шығатын даулар. Орта есеппен судья екі күнде 1 медиация процедурасын жүргізіп, бұл жалпы соттың жүктемісін төмендеткен. Бүгінгі күні Сара Жаңбырбаева тараптарды 168 іс бойынша татуластырған, яғни 336 тарап даулы жағдайдың бейбіт жолмен шешілгеніне қанағаттанды.
Тек бір аптаның ішінде, Алматы облысы бойынша МАЭС-ымен миллиондаған ақша қаражатын өндіру туралы дауды медиация тәртібімен ретке келтіру бойынша екі келісім бекітілген.
Тағы да айта кететін жайт, мемлекеттік баж төлемі - қайтарылатын, даулар мен даулы жағдайларды реттеудің альтернативті әдістерін белсенді түрде қолдану, татуластыру рәсімдері институтының қоғам арасында дамуындағы бірден-бір бастамасы.
Медиация рәсімдерін қолданудың мақсаты – экономикалық көзқарас жағынан тараптарға түсінікті болатын, даулардың сотқа дейінгі реттелуі екі тараптың да талабына қатысты өзара тиімді шешім шығару. Сондай-ақ, сот ісіне кетуі мүмкін уақыт пен серіктестік қарым-қатынасты сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірыңғай сот практикасына арналған шарттарды құру болып саналады.