Алматы облысында қару сақталған орын табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Кеше сағат 15:00 шамасында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында қару сақталған орынды анықтады.
Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі "Сайга" маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ, "Вепрь" маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 миллиметр калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.
Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.