Алматы облысында 2007 жылы туған бала тоққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кезекті қайғылы жағдай Алматы облысының Талғар ауданының Гүлдала ауылында тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы трансформатордың будкасынан салбырап тұрған жалаңаш сымның тоғы соққан. Осының салдарынан оқиға орнында 2007 жылғы бала мерт болды. Аталған материал полиция бөліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - деді Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.
Еске сала кетсек, кеше ғана Алматы облысының Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында бір отбасының 2 баласы тоққа түсіп көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.