Алматы облысында Өзбекстан елінің 41 жастағы азаматы адам өлтірді деген күдікпен іздестірілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Азатбай Байманов 2019 жылдың 14 мамыры күні Талғар ауданының Бесқайнар ауылында адам өлтірді деген күдікке ілінген. Ол бұған дейін Талғар ауданында тұрған. Өзін көп жағдайда Азамат Баймбетов деп таныстырып келген.
Полицейлер қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды 102 немесе 8 7272 95-63-96, 95-61-05, 8 7282 600-232 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады.