Алматы облысында шаруа қожалығы иесінің арыстан асырап жатқаны анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 ақпан күні Талғар ауданының полиция басқармасына хабарлама келіп түскен.
Ол жерде Бесқайнар ауданындағы шаруа қожалықтың бірінде арыстан бар екені хабарланған.
Тәртіп сақшылары шағым бойынша белгіленген мекенжайды тексеруге барғанда ақпарат расталған.
Арыстан көлемі 5×10 метрлік қоршауға қамалған.
Аңның иесі - Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны.
Полицейлер жыртқыш аңды заңсыз ұстау бабы бойынша аталған фактіні тіркеді.
Жануар алдағы уақытта бір жерге орналастырылғанша арнайы қолхатпен иесінің қолында болады.