Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қонаев қаласы Заречный ауылында көппәтерлі түрғын үй өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 тамызда сағат 03:57-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелеріне Қонаев қаласы Заречный ауылындағы Школьная көшесінің бойында орналасқан сегіз пәтерлі тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.
"Сағат 04:21-де, өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып, артынша шатыры опырылғаны анықталды. Өрт туралы хабарлама кеш түскендіктен, оны сөндіру жұмыстары қиындады. Қонаев қалалық өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды" - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 15 адам өздері эвакуацияланған, оның екеуі жарақат алған.
Қызыл жалын сағат 05:10-да оқшауланып, сағат 7:20-да толықтай жойылған. Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.
"Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өз өмірін қауіпке тігіп, өрт орнынан газ баллондарды шығарды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өрт орнына барып, өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті (24 адам, оның ішінде 10 бала). Қонаев қаласының әкіміне зардап шеккендерді Қонаев қаласының қонақ үйіне орналастыруды тапсырылды.
Жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіпте өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қабылдайды" - делінген хабарламада.