Фото: pixabay.com
Алматы облысы Полиция департаменті әйел мен оның екі баласының жантүршігерлік өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ведомство мәліметінше, 14 қыркүйек сағат 23:24 шамасында Іле ауданы ПБ-ға Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде өрттен кейін зорлық-зомбылық белгілері бар К. есімді әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта күдікті адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық аудандық полиция бөлімшесіне және көршілес өңірлердің ПД-ға бағдарлар жолданды.
Түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін қажетті сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысында ер адам екі баласы бар әйелді өлтіріп, өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.