17 нау, 2023 сағат 13:25

Алматы облысында оқушы қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды

сурет ашық дереккөзден алынды

Алматы облысында аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

13 наурызда жергілікті тұрғын Еңбекшіқазақ ауданының полициясына кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша өтініштің келіп түскенін растады. Дәрігерлердің көмегіне қарамастан, соққыға жығылған оқушы келесі күні қайтыс болды.

"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Ведомство сонымен қатар сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізілетінін айтты. Басқа ақпарат жария етілмейді.