Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы мектеп оқушылары ата-аналарының чатынан аудиожазба тарап жатыр. Онда әйел сыныпқа жөндеу жұмыстарына жиналып жатқан ақшаны тездетіп беруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аудиожазбамен қоса 11 адамның тізімі жарияланды, оған қарама-қарсы 2 мың теңге деп көрсетілген. Ал тізім үстінде "Ремонтқа 6 Ә сынып" деп тұр.
"Қыздар, жөндеу жұмыстарының ақшасы не болып кетті? Әлі жинамадыңдар ғой. 20-сы болды. Екі ай бұрын айтып отырғанмын. Қыздар кешікпей ақша салып жіберіңдер. Ертең ремонт басталғанда мен ақша таппай қалып отырмайыншы", - дейді аудиодағы әйел.