Алматы облысында медициналық кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін барлық аудан, қалаларда мамандарға арналған 126 пәтер сатып алынады. Осы мақсатқа 756 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі А. Баталовтың есепті жиынында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Кадр тапшылығын шешудің тағы бір жолы ретінде 47 арнайы маман өте қат мамандықтар бойынша резидентурада оқып жатса, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 36 студент әкім грантымен білім алып жүргені да сөз болды.
- Биылғы жылдан медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Осыған байланысты халықтың медико-санитарлық көмек нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету – атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Осы мақсатта Талдықорғандағы 6-шы шағын аудандағы 16 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан 320 адам қабылдайтын алғашқы медико-санитарлық орталық ашылған. Оған қоса биылғы жылы 3,8 млрд. теңгеге 9 дәрігерлік амбулатория мен медпункт салынады, - деді Амандық Баталов өз баяндамасында.