Алматы облысында иттің күшігін тірідей өртеген балалар ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен кәмілетке толмаған екі жасөспірім ұсталды. Олар - 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай», - деді Алматы облысы Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қуат Оспанов.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.