Фото: pressfoto/ Freepik
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері 20 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында бағаны 18.5 млн теңгеге көтеру фактілерін анықтаған.
«Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» ҚММ 14 млн теңгеге бір кітап жинағын және 6 млн теңгеге кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғыны сатып алуды жоспарлады.
Алайда еріктілер кітап жинағының орташа бағасы 1.1 млн теңгені, ал кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғының бағасы 360.9 мың теңгені құрайтынын анықтады.
Бұл ретте аудандық кітапхана бағаны 18.5 млн теңгеге көтерді. Осыған байланысты еріктілер Іле ауданының мәдениет бөліміне бағаларды қайта қарау жөнінде ұсыныс жіберді» - делінген хабарламада.
Нәтижесінде кітапханаға сатып алудан бас тартылып, 20 млн теңге сомасында бөлінген қаражат бюджетке қайтарылған.